Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-78-58
Есепші бөлімі:
+7(7222) 32-94-99
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2026

«12 айға – 12 кітап» тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды

«Мектеп жанындағы интернаты бар №42 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты Тілдер шеруі айлығының жоспарына сәйкес 7 қыркүйек күні мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «12 айға – 12 кітап» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана қорындағы әдебиеттерді кеңінен насихаттау және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру.
Көрмеге бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары, сондай-ақ мектеп мұғалімдері қатысып, ұсынылған әдебиеттермен танысты. Кітап көрмесі қатысушыларға рухани азық беріп, кітап оқуға деген ынталарын арттыруға ықпал етті.